24
октябрь
2025
"Балалар – кішкентай ғалымдар"


"Алатау" тобы
Балалар өздерін нағыз кішкентай ғалымдар ретінде сезінді. Олар су – өмірдің көзі екенін және оны таза сақтау өте маңызды екенін білді. Сабақ барысында балалар суды үнемдеудің жолдарын үйренді: кранды ашық қалдырмау, суды тек қажет кезде пайдалану, өсімдіктерді мөлшермен суару сияқты пайдалы әдеттерді талқылады.
Сондай-ақ балалар суды қоқыстан тазарту тәсілдерімен танысты. Олар тәжірибе жасап, суды сүзгі арқылы өткізіп, қоқыстан қалай тазартуға болатынын көрді.