04
сентябрь
2025
" Арман кіші тобы"
Дидактикалық ойын
Тақырыбы: "Сыңарын тап"
Мақсаты:
Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамыту; ұқсас және қарама-қарсы заттарды ажырата білуге, салыстыруға үйрету.
Міндеттері:
Балалардың түстерді, пішіндерді, жануарларды, заттарды тану дағдыларын жетілдіру;
Зейінділік пен байқағыштық қасиеттерін дамыту;
Бір-бірімен ынтымақтаса ойнауға, ережені сақтауға тәрбиелеу;
Сөздік қорын байытып, ойды нақты жеткізуге дағдыландыру;
Қызығушылығын арттыру арқылы оқу іс-әрекетіне белсенді қатысуға баулу.