10
октябрь
2025
Ас әзірлеуден – адалдыққа тәрбиелеу 🍲

«Аналар мектебі»: ас әзірлеуден – адалдыққа тәрбиелеу 🍲🤍
№186 бөбекжай-балабақшасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Аналар мектебі» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның тақырыбы – «Адал еңбек – таза ас» болды.
Мақсаты – аналар мен балаларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, өз қолымен еңбек ету арқылы ізгі қасиеттерге баулу.
Кездесу барысында аналар мен тәрбиеленушілер бірігіп дәмді тағамдар дайындап, ас әзірлеудің сырларымен бөлісті. Әрбір дайындалған тағамның артында еңбектің, тазалықтың және адалдықтың мәні туралы әңгіме өрбіді.
Іс-шара жылы атмосферада өтті. Аналар өзара тәжірибе алмасып, балаларына адал еңбек пен еңбектің қадірін үлгі арқылы көрсетті.
«Школа матерей»: от приготовления пищи — к воспитанию честности 🍲🤍
В детском саду №186 в рамках единой воспитательной программы «Адал азамат» было организовано мероприятие «Школа матерей». Темой встречи стала «Честный труд — чистая еда».
Цель — воспитание у матерей и детей трудолюбия, честности и добрых качеств через собственный труд.
Во время встречи мамы и воспитанники вместе готовили вкусные блюда, делились секретами кулинарного мастерства. За каждым приготовленным блюдом велась беседа о значении труда, чистоты и честности.
Мероприятие прошло в тёплой атмосфере. Мамы обменивались опытом и своим примером показали детям ценность честного труда и уважение к результатам своего труда.