Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№186 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-13-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-13-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
октябрь
2025

Тамақтану сапасын бақылау

Балабақшамызда «Тағам сапасын бағалау күні» өткізілді. "Арман" кіші тобының  ата-анасы  тамақтану сапасына баға берді 🍲

 Іс-шараның мақсаты – балабақшада балаларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен дәмін ата-аналарға таныстыру, ашықтық пен сенімділікті арттыру.

Ата-аналар ас мәзіріне енгізілген тағамдардан дәм татып, олардың дәмі, сыртқы түрі және сапасы туралы өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, аспазшылардың дайындау ерекшеліктерімен танысып, балабақшадағы тамақтану процесін көзбен көрді.

Іс-шара соңында ата-аналар тағам сапасына оң баға беріп, мәзірдің алуан түрлілігі мен тағамның пайдалы әрі дәмді екенін атап өтті.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив