Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№186 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-13-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-13-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2022

№ 3 Педагогикалық кеңес




 30.05.22 ж. №186  бөбекжай - бақшасында қорытынды педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте 2021 - 2022  оқу жылының қорытындысы талқыланды, оқу жылында пайда болған жетістіктер мен қиындықтар талданды. МДҰ әдіскері жылдық талдауды өз есептерімен толықтырды. Барлығы өз нәтижелері мен жетістіктерін өз әріптестерінің нәтижелерімен және жетістіктерімен салыстыру мүмкіндігіне ие болды.
Жыл басында анықталған барлық міндеттер түрлі бағыттарда табысты іске асырылды. Балалардың даму деңгейінің және әдістемелік жұмыстың мониторингі жалпы оң динамиканы көрсетті.  Мұндай нәтиже педагогикалық ұжымның тиімді жұмысын көрсетеді.
Педкеңес өте жемісті, мазмұнды, еркін, тәжірибе алмасу және барлық педагогтардың іскерлік ынтымақтастығы түрінде өтті.
Балабақша меңгерушісі А.С. Имамбекова әріптестерін оқу жылының аяқталуымен құттықтап, барлығына шығармашылық табыс тіледі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив