Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№186 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 243-13-36
Есепші бөлімі:
+7(727) 243-13-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2025 года
Мектеппен сабақтастық/ Преемственность со школой
31
март
2025
Мектеппен сабақтастық/ Преемственность со школой
Біздің балабақшаның тәрбиеленушілері Алматы қаласы № 141 ЖББ мектепке танымдық саяхат жасап, болашақта білім алатын ортамен танысты. Сапар барысында балалар мектептің сыныптарын, кітапханасын, спорт залын, асханасын аралап,  мұғалімдермен кездесті. Бұл кездесу балаларға үлкен әсер қалдырып, олардың мектепке деген қызығушылығын арттырды. Осы мүмкіндікті ұйымдастырып, балаларымызды жылы қарсы алған мектеп директоры  Умбетова Балжан Базархановнаға және мұғалімдеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
23 наурыз – Тазару күні Наурызнаманың соңғы күні – тазару күні, ол жаңа өмірге қадам басуды, қыстан көктемге өтуді білдіреді.
26
март
2025
23 наурыз – Тазару күні Наурызнаманың соңғы күні – тазару күні, ол
«Тазару күні» сенбілігі – тек аула тазалау ғана емес, сонымен қатар жан дүниемізді де жаңартуға шақыратын игі дәстүр. Бұл шара балабақшамызда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға,  табиғатты сүюге және ұжымның бірлесуіне үлес қосты. 🌱 Таза орта – жарқын болашақ! 🌱
Қош келдің, Әз - Наурыз!
20
март
2025
Қош келдің, Әз - Наурыз!
Балабақшамызда Наурыз мейрамы! ✨🌿 Балабақшамызда ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті! 🎉 Балалар ұлттық киім киіп, әсем әндер шырқап, би билеп, қазақтың салт-дәстүрлерін сахналық қойылымдар арқылы көрсетті. 🎶 Көңілді әндер мен билер 🎭 Салт-дәстүр көріністері 🥟 Наурыз көже мен ұлттық тағамдар 🎊 Қызықты ойындар мен жарыстар Бұл мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады! Наурыз құтты болсын! 🌿🌸  #ДәстүрМенМәдениет #НаурызҚұттыБолсын
8 - Наурыз мерекесі!
11
март
2025
8 - Наурыз мерекесі!
Балабақшамызда 8 Наурыз мерекесі аталып өтті! 🌸✨ Балабақшамызда көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні ерекше сән-салтанатпен тойланды! Бұл күнгі іс-шараларға балалар, ата-аналар және тәрбиешілер белсенді қатысып, қуанышқа толы көңіл-күй сыйлады. Мерекелік бағдарламада балалар аналар мен әжелеріне арналған әндер айтып, өлеңдер оқыды, көңілді билер билеп, қойылымдар қойды. Сонымен қатар, тәрбиешілер кішкентай бүлдіршіндермен бірге қолөнер бұйымдарын жасап, аналарға